Жамбы атудан ел чемпионаты өтеді

4 Маусым 2024, 17:03
262
Бөлісу:
Жамбы атудан  ел чемпионаты өтеді
Фото: Жамбы ату федерациясы

Жетісу облысында 2007-2009 жылғы жасөспірімдер арасында IX ел чемпионаты өтеді, деп хабарлайды B AQ.KZ тілшісі.

Осы жылдың 6-10 маусым аралығы Жетісу облысы Талдықорған қаласында Туризм және спорт министрлігі, Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, Жетісу облысы әкімдігінің қолдауымен Жамбы ату федерациясының ұйымдастыруымен 2007-2009 жылғы жасөспірімдер арасында ІХ ел чемпионаты ұйымдастырылады.

Додаға еліміздің 15 өңірінен 60-қа жуық спортшы қатысады. Жарыс ережесіне сай әр аймақтан тек 4 қана спортшы сынға түседі. Спортшылар «Мажар», «Азия», «Түрік» және «Жамбы ату» стилдері бойынша бақ сынайды.

"Жамбы ату" шауып келе жатқан ат үстінде белгілі бір қашықтықтағы нысананы ұлттық садақпен ататын спорт түрі. Бұл спорттың ерекшелігі - құйғыта шапқан ат үстінде отырып, санаулы секундтар ішінде жылдам және дәлдікпен садақ ату.

Өзгелердің жаңалығы