Жамаубаев қаржыны игермеген министрліктерді атады

13 Қыркүйек 2023, 09:33
1453
Бөлісу:
Жамаубаев қаржыны игермеген министрліктерді атады
Фото: ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі

Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары - Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев қаржыны игермеген министрліктерді атады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның мәлімдеуінше, мемлекеттік бюджеттің шығыстары 98,6%-ке, республикалық бюджеттің шығыстары – 99,3%-ке, жергілікті бюджеттердің шығыстары 98,3%-ке орындалды.

Республикалық бюджет бойынша сомасы 14,5 трлн теңгеге шығыстар жүргізілді. Атқарылмау 107 млрд теңгені, оның ішінде үнемдеу – 21 млрд теңге. Игерілмегені – 86 млрд теңге.

Игерілмеудің неғұрлым ірі сомалары төтенше жағдайлар, экология және табиғи ресурстар, туризм және спорт, сондай-ақ ішкі істер министрліктерінде қалыптасты. Игерілмеудің негізгі себептері: конкурстық рәсімдерді ұзақ мерзімде өткізу; шарттарды, қосымша келісімдерді жасасу рәсімдерін дер кезінде өткізбеу; шот-фактуралармен атқарылған жұмыс актілерін уақтылы ұсынбау және басқалары, – деді Ерұлан Жамаубаев.

Өзгелердің жаңалығы