Жамаубаев қоластындағылардың не себепті пара алатынын айтты

9 Ақпан 2021, 10:47
1139
Бөлісу:
Жамаубаев қоластындағылардың не себепті пара алатынын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкіметтің онлайн отырысында ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мемлекеттік кірістер органы қызметкерлерінің не себепті сыбайлас жемқорлыққа баруы мүмкін екенін атады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен және «Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесі мемлекеттік кірістер органы қызметкерлерінің еңбекақысының төмен болуына, әлеуметтік қорғалмауына және жоғары жауапкершілікке байланысты сыбайлас жемқорлыққа ұшырау қаупі бар екенін атап өтті, - дейді ол.

Министрдің сөзінше, мұндай жағдай тәжірибелі қызметкерлердің жиілеп кетуіне және алған білімдері мен дағдыларын басқа жерлерде қолдануына әкеледі.

Осыған байланысты базалық жалақыға үстемақының қосылуын және бірыңғай нысанды киім-кешекті енгізе отырып, сыныптық шендерді енгізу ұсынылады, - деп айтты Жамаубаев.

Ол бұл шаралар кадрлардың жоғары біліктілігі мен сабақтастықты сақтауға, сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдарының мәртебесін арттыруға мүмкіндік беретінін айтты.

Айта кетейік, Үкіметтің онлайн отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жеке тұлғалардың мүлкі мен жеріне салынатын салықтар біріктіріліп, бірыңғай төлеммен төленетінін айтты.


Өзгелердің жаңалығы