"Жаман болады деді". Жұлдыз Әбдікәрімова бала күніндегі оқиғасын айтып берді

2 Ақпан 2024, 03:30
13707
Бөлісу:
"Жаман болады деді". Жұлдыз Әбдікәрімова бала күніндегі оқиғасын айтып берді
Фото: instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова мүшел жасқа толғанда басынан өткен оқиғасымен бөлісті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Өнер иесі Instagram-дағы парақшасында бала күнінде қандай оқиғаға тап болғанын айтып берді. 

Шынымды айтсам, менде гештальт деген өте көп болды. Қазір есіме түскендерін сіздерге де айта отырайын…Мен бала күнімнен қуыршақтарды өте қатты жақсы көрдім. Ата-анам бетімнен қақпай қуыршақтарды үйіп-төгіп әперетін. Өте ұқыпты болдым. Бір де бір қуыршағымды жоғалтпай, тоздырмай ойнайтынмын…Содан 13 жасқа толғанда көршім "…сен енді мүшел жасқа толдың. Ең жақсы көретін, қимайтын заттарыңды біреуге беру керек. Өйтпегенде "ЖАМАН" болады" деді. Мен соған сеніп, үйдегі бар қуыршақтарымды танымайтын бір қызға бере салдым. Сол сәттен менде ҚУЫРШАҚ деген гештальт пайда болды, - деді актриса.

"Жаман болады деді". Жұлдыз Әбдікәрімова бала күніндегі оқиғасын айтып берді

Жұлдыз бұл гештальтті жабу үшін не істегенін айтты. Сөзінше, өсе келе бұдан бөлек тағы бір гештальт пайда болған.

Араға жылдар салып, өзіме қуыршақтар сатып алдым. Бала күнгі гештальт осылай жабылды. Неге екені белгісіз бойжеткенде 4 балам болса деген гештальт пайда болды. Онда да 2 қыз, 2 ұл болуын қаладым. Ол да жабылды, - деді Әбдікәрімова.

Өзгелердің жаңалығы