Жалпыға бірдей декларациялау. Енді Kaspi.kz мобильді қосымшасында тапсыруға болады

2 Мамыр 2024, 20:46
546
Бөлісу:
Жалпыға бірдей декларациялау. Енді Kaspi.kz мобильді қосымшасында тапсыруға болады
Фото: Мемлекеттік кірістер комитеті

Ағымдағы жылдың сәуір айында қолданыстағы электрондық сервистермен қатар Kaspi.kz мобильді қосымшасында жаңа ыңғайлы сервис іске асырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәлімдеуінше, онда жеке тұлғалар 250.00-нысанды активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсына алады,

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі басталды. Биыл дара кәсіпкерлер, заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылар (қатысушылар), сондай-ақ олардың жұбайлары «кіру» декларациясын (250-00-нысан) ұсынуға міндетті.

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап осы декларацияны халықтың қалған санаттары ұсынуға міндетті.

Халыққа ыңғайлы болу үшін Салық төлеушінің кабинеті, (cabinet.salyk.kz), «Электрондық үкімет» порталы (egov.kz), «Е-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы, Halyk, bcc.kz және Kaspi.kz банктердің мобильді қосымшалары арқылы декларацияны тапсыруға арналған электрондық сервистер іске қосылды.

Kaspi.kz мобильді қосымшасында 250.00-нысанды декларацияны тапсыру туралы толығырақ «Гид» бөлімінен оқысаңыз болады.

Декларацияларды тапсыру мерзімі – 2024 жылғы 15 қыркүйекке дейін.

Өзгелердің жаңалығы