Жалпы қуаты 202 МВт болатын 13 майнинг-ферма анықталды – министрлік

21 Ақпан 2022, 12:35
1817
Бөлісу:
Жалпы қуаты 202 МВт болатын 13 майнинг-ферма анықталды – министрлік

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жақында Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті аумақтық департаменттерінің қызметкерлері құқық қорғау және басқа да мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен цифрлық майнинг объектілерін анықтау мақсатында бірлескен тексерулер жүргізді.

Мобильді топтар жүргізілген тексерулер нәтижесінде соңғы 5 күнде жалпы тұтыну қуаты 202 МВт болатын 13 майнинг-ферманы анықтап, жұмысын тоқтатты, - делінген министрлік таратқан хабарламада.

Төменде цифрлық майнинг объектілері қызметінде анықталған фактілер бойынша мобильді топтар жұмысының нәтижелері толығырақ берілген.

Цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыру фактісі: Қарағанды облысында жалпы қуаты - 31,3 МВт., Павлодар облысында - 22 МВт., Түркістан облысында - 3,28 МВт, Ақмола облысында - 1,03 МВт., Қостанай облысында - 0,82 МВт, Нұр-Сұлтан қаласында - 1,8 МВт., Алматы қаласында - 3,5 МВт., Шымкент қаласында – 4 МВт, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ цифрлық майнингке өздігінен шектеу енгізілген: Батыс Қазақстан облысында жалпы қуаты - 91 МВт, Қарағанды облысында - 44 МВт.

Энергетика министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, майнинг фермаларын анықтау және электр желілерінен ажырату бойынша мобильді топтың жұмысы жалғасады, сондай-ақ анықталған майнинг фермалары бойынша уәкілетті органдар жедел тергеу іс-шараларын жүргізуде.

Өзгелердің жаңалығы