Бұл туралы оқу-ағарту вице-министрі Ғани Бейсембаев мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Вице-министрдің айтуынша, қазірдің өзінде қаражаттың 90 пайызы керекті өңірлерге аударылып қойған. Алайда жаңа аймақтарда техникалық мәселелердің туындап отырғанын айтты.
Жаңадан құрылған Ұлытау өңірінде белгілі бір техникалық ақаулар бар. Одан бөлек басқа өңірлерде қаржы аударуға қатысты кейбір техникалық мәселелері қаралып жатыр. Тұтастай алғанда, ұсынылған ақпаратқа сәйкес, қарастырылған санаттар үшін «Жалпыға міндетті оқу» қорынан қаржыны бөлу 90 пайызға орындалды, - деді Бейсембаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.