"Жалғыз оқу орны бар". Министр авиация саласындағы кадр мәселесін қалай шешетінін айтты

19 Желтоқсан 2023, 16:17
432
Бөлісу:
"Жалғыз оқу орны бар". Министр авиация саласындағы кадр мәселесін қалай шешетінін айтты
Фото: Үкімет баспасөз қызметі

Қазақстанда жыл сайын авиация саласында 600 маман жетіспейді. Үкімет отырысында Көлік министрі Марат Қарабаев осылай деді , деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Кадрлар даярлау мәселесіне тоқталатын болсақ, қазіргі уақытта салада 20 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Жыл сайын қосымша кадрларға деген қажеттілік 600 кісіге жетіп отыр. Елімізде Орта Азия бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асыратын жалғыз жоғары оқу орны жұмыс істеп тұр. Алайда, Академия түлектері халықаралық талаптарға сәйкес келмеу себебінен сұранысқа ие емес, осыған байланысты негізгі авиакәсіпорындар кадрларды даярлауды өз бетінше жүзеге асыруға мәжбүр, - деді ведомство басшысы.

Кадр тапшылығы мәселесін шешу және студенттеріміздің сұраныс деңгейін арттыру үшін Франциялық Азаматтық авиация ұлттық мектебін (ENAC) стратегиялық серіктес ретінде тарта отырып EASA еуропалық стандарттарға (Еуропалық ұшу қауіпсіздігі агенттігі) сәйкес кадрларды даярлау пысықталып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы