Жалған ақша мен есірткі сатуға тырысқан шымкенттіктер ұсталды

14 Тамыз 2024, 11:40
377
Бөлісу:
Жалған ақша мен есірткі сатуға тырысқан шымкенттіктер ұсталды
VIDEO
Фото: скрин

Шымкенттің екі тұрғыны жалған купюралар мен есірткі заттарын сатуға тырысқан, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осы факті бойынша тергеуді Қаржылық мониторинг агенттігі жүргізді.

Тергеу барысында ҚМА қызметкерлері бақылауымен қара-жасыл түсті өсімдік тектес затты сатып алу жүргізілді.

Кейінірек сарапшылар зерттеу объектісінің жалпы салмағы 5 кг болатын «гашиш» есірткі заты екенін растады.

Аталған азамат жалған 10 000 АҚШ долларын (100 дана номиналымен 100 АҚШ долларын құрайтын банкноттар) сату барысында ұсталды. Сондай-ақ, жедел іздестіру шараларын өткізу барысында оның сыбайласы анықталды, одан 13 100 жалған АҚШ доллары табылып, тәркіленді. Ал оның тұрғылықты жерін тінту барысында салмағы шамамен 1 кг гашиш табылып, тәркіленді, - делінген ҚМА таратқан хабарламада.

Сот үкімімен аталған адамдар кінәлі деп танылды, оларға 11 жылға және 5,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Өзгелердің жаңалығы