Жалған ақпарат жарға жығады

13 Сәуір 2023, 23:08
1234
Бөлісу:
Жалған ақпарат жарға жығады
Фото: Түркістан облысының полиция департаменті

Түркістан облысының полиция департаменті жалған ақпарат таратқаны үшін қатаң жауапкершілік қарастырылғанын еске салды, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Әлеуметтік желіде сәуірдің 12-сінен 13-іне қараған түні «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» тас жолының бойында орналасқан «ҚазМұнайГаз» жанармай құю бекеті маңында азаматтар жанар-жағармай бағасының көтерілуіне байланысты митингіге жиналған деген видео пайда болды.

Сайрам ауданының құзырлы органдары 2023 жылғы 13 сәуірде таңғы сағат 04.30 шамасында оқиға орнына жөнелтілгенде, полицейлер ақпараттың жалған болып шыққанын анықтады. Яғни, 2023 жылдың 12 сәуірінде тас жолда автожарыс өтті.

Қазіргі таңда аудандық ӨП қызметкерлері жалған ақпарат таратқан азаматты анықтау мақсатында тиісті жұмыстар жүргізуде.

Бұл ретте, жалған ақпарат таратқаны үшін қатаң жауапкершілік қарастырылғанын еске саламыз, сонымен қатар тек ресми ақпарат көздеріне сенуіңізді сұраймыз, - деп хабарлады Түркістан облысының полиция департаменті.

Өзгелердің жаңалығы