Жалға алынатын тұрғын үй ақысын субсидиялау тәртібі айтылды

18 Ақпан 2022, 16:19
4041
Бөлісу:
Жалға алынатын тұрғын үй ақысын субсидиялау тәртібі айтылды

Алматы, BAQ.KZ. Субсидия алуға үміткер otbasybank.kz порталында («Баспана маркет» маркетплейсі) тіркелуі қажет. Оны электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) көмегімен жасауға болады. Сондықтан азаматтар оны алдын ала алулары немесе қолданыстағы ЭЦҚ-ның жұмыс істеп тұрғанын тексерлері керек. Бұл туралы Отбасы банктің баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекеттік қолдауға төрт санат бойынша кезекте тұрған барлық қазақстандықтар өтініш бере алады:
- 1 және 2 топтағы мүгедектер;
- мүмкіндігі шектеулі балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
- жетім және ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалар;
- көп балалы отбасылар.

Порталда тіркелгеннен кейін субсидия алуға өтініш беруші оған төлемдер тағайындалуы үшін стандартты өтініштерді толтырып, өзіне қолайлы пәтер немесе үй табады. Жалға алу келісімшарты порталда үлгі нысаны бойынша автоматты режимде рәсімделеді. Оған сондай-ақ платформада субсидия алуға өтініш беруші (жалға алушы) мен баспананы жалға беруші қол қояды.

Жеке куәлік, неке немесе некені бұзу туралы куәліктер, балалардың туу туралы куәліктері, тұрғын үйдің бар-жоғы туралы анықтамалар, тіркеу және кіріс туралы мәліметтерді Отбасы банк мемлекеттік органдардың деректер базасымен бірігуі арқылы дербес тексереді. Субсидия алуға өтініш беруші туралы барлық деректерді тексергеннен кейін біз шот ашуға көмектесеміз. Өтініш беруші оған жалдау құнының жартысын аударуы керек. Содан кейін Отбасы банк қалған 50 пайызын қосып, жалпы соманың 100 пайызын жалға берушінің шотына аударамыз, - деп түсіндірді «Отбасы банк» АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.

Жалдамалы баспананы отбасылар өздері іздейтін болады. Оның құнын есептеу кезінде бірнеше факторды ескеру қажет. Олар Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін азаматтардың жекелеген санаттарына төлемдер тағайындау және жүзеге асыру қағидаларында белгіленген. Құжатқа сәйкес, жалға алынатын тұрғын үйдің 1 ш.м. құны АЕК-тің жылдық деңгейі мен облыс немесе қаланың белгіленген коэффициенті негізінде қалыптасады.

Сондай-ақ Ережелерде жалдамалы үйдің немесе пәтер аумағының ең жоғарғы көлемі анықталған. 1-3 адамнан тұратын отбасы үшін тұрғын үйдің ауданы 40 шаршы метрден, 4-5 адамнан тұратын отбасы үшін тұрғын үйдің ауданы 60 шаршы метрден, ал саны 6 және одан да көп отбасы мүшелері үшін тұрғын үйдің ауданы 80 шаршы метрден аспауы тиіс. Егер тұрғын үй ауданы кеңірек болса, онда жалға алушы айырмашылықты өз есебінен төлейді.

Мысалы, Алматы қаласының тұрғындары үшін 1 ш.м. құны 2 759 теңге болып белгіленді. Тиісінше, үш адамнан тұратын отбасы шамамен 110 000 теңге тұратын жалдамалы баспана ала алады.

Отбасы банк жалдамалы тұрғын үй субсидиясын жалға алу келісімшартының мерзімі аяқталғанша ай сайын төлейтін болады. Құжаттың күшін мерзімінен бұрын жоюға, сондай-ақ жаңа үй иесімен келісімшарт құруға рұқсат етілген. Бұл жағдайда otbasybank.kz порталында өтініш беру процесі қайтадан жасалады.

Отбасы Банк жыл сайын субсидия алушылардың шарттарға сай келуіне мониторинг жүргізіп, төлем тәртібін ай сайын қадағалап отырады. Ал жергiлiктi әкiмдiктер жалдамалы үйлер мен онда тұрып жатқан азаматтарды кемiнде тоқсанына бiр рет тексеретiн болады.

Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін азаматтардың жекелеген санаттарына төлемдер тағайындау және жүзеге асыру қағидаларына сәйкес, жақын туыстардан және жұбайлардан, оның ішінде бұрынғы жұбайларынан және ерлі-зайыптылардың туыстарынан тұрғын үйді жалға алуға, сондай-ақ қайта жалға өткізуге тыйым салады.

Еске сала кетейік, отбасының соңғы 6 айдағы жиынтық табысы отбасының әр мүшесіне шаққанда 1 ең төменгі күнкөріс деңгейінен (36 018 теңге) аспауы тиіс.

Аймақ 

Коэффи-

циент

1 ш.м. арналған төлем мөлшері 

3 адамға дейінгі отбасы мүшелері үшін 

5 адамға дейінгі отбасы мүшелері үшін 

6 және одан көп отбасы мүшелері үшін 

Нур-султан қ.

1,11

2 759

110 378

165 568

220 757

Алматы қ.

1,11

2 759

110 378

165 568

220 757

Шымкент қ.

1,43

2 142

85 678

128 518

171 357

Ақмола облысы

1,95

1 571

62 831

94 246

125 662

Ақтөбе облысы

1,75

1 750

70 011

105 017

140 023

Алматы облысы

1,61

1 902

76 099

114 149

152 199

Атырау облысы 

1,41

2 172

86 894

130 340

173 787

ШҚО

1,78

1 721

68 831

103 247

137 663

Жамбыл облысы 

2,24

1 367

54 696

82 045

109 393

БҚО

1,82

1 683

67 319

100 978

134 637

Қарағанды облысы 

1,52

2 015

80 605

120 908

161 211

Қостанай облысы 

1,99

1 539

61 568

92 352

123 136

Қызылорда облысы 

2,14

1 431

57 252

85 879

114 505

Маңғыстау облысы 

1,3

2 356

94 246

141 369

188 492

Павлодар облысы 

1,55

1 976

79 045

118 568

158 090

СҚО

1,92

1 595

63 813

95 719

127 625

Түркістан облысы 

1,33

2 303

92 120

138 181

184 241


 

Өзгелердің жаңалығы