Жалдамалы тұрғын үй кезегінде тұру үшін қандай талап қойылады?

Кеше, 17:43
427
Бөлісу:
Жалдамалы тұрғын үй кезегінде тұру үшін қандай талап қойылады?
Фото: BAQ.KZ архив

2024 жылы Семей қаласында сатып алу құқығынсыз 407 пәтер жалға берілген,-деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жалдамалы баспананы алуға ҰОС ардагерлері, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар,мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік мекеме, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлері және сайланбалы мемлекеттік органдарда қызмет атқаратын тұлғалар мен әскерилердің құқығы бар. 

Сонымен қатар әлеуметтік осал топ санатындағы азаматтар мен жалғыз баспанасы апатты деп танылғандар да мемлекеттік бағдарлама арқылы пәтер жалдай алады. Арнайы наградталған көпбалалы аналар да бұл тізім де бар. Бірақ отбасының орташа айлық табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшерінен төмен болуы керек.

Жалға берілетін тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін уәкілетті орган бекітеді, ал нақты төлем көлемін жергілікті атқарушы орган анықтайды. Бұл есептеулер мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін баспананы жалға алу әдістемесіне сәйкес жүргізіледі,-деді Семей қаласының тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі.

Жалдамалы тұрғын үйге кезекке тұру кезінде негізгі талаптардың бірі – азаматтың тұрғын үйге мұқтаж болуы және оның меншігінде баспананың болмауы қажет. 

Биыл да бұл жұмыстар жалғасын таппақ. Бірақ тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің айтуынша нақты қанша отбасына берілетін жалдамалы пәтер саны белгісіз.

Өзгелердің жаңалығы