Жалақы төмен. Депутат әлеуметтік қызмет қызметкерлерінің проблемалары туралы айтты

20 Маусым 2024, 12:29
187
Бөлісу:
Жалақы төмен. Депутат әлеуметтік қызмет қызметкерлерінің проблемалары туралы айтты
Фото: скрин

Жалақы төмен және арнайы мәртебесі жоқ. Сенатор Амангелді Толамисов өзінің депутаттық сауалында әлеуметтік қызмет қызметкерлерінің проблемалары туралы айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Депутаттың ақпараты бойынша, Қазақстанда қарттар мен мүгедектерге арналған 118 әлеуметтік орталық жұмыс істейді. Олар атқаратын функциялардың маңыздылығына қарамастан, қызметкерлердің жалақысы төмен болып отыр. Мысалы, елордалық орталықта 10 жылдан астам еңбек өтілі бар әлеуметтік қызметкер айына 155 мың теңге, ал тазалаушы-87 мың теңге алады. Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығында жағдай ұқсас, тазалаушының жалақысы 90 мың теңгені, тәрбиешінің жалақысы 120 мың теңгені, ал тәрбиешінің көмекшісінің жалақысы 80-100 мың теңге.

Мүгедектігі бар, әртүрлі диагноздағы тастанды балаларға қамқорлық жасап отырған мекеменің қызметкерлерінің жұмысы аса бейнетті, әрі жауапкершілігі мол жұмыс. Олардың еңбекақы мәселесі күрделеніп тұр. Әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарындағы қызметкерлердің барлығында арнайы статус бар деп айта алмаймыз. Бұған қоса қызметтік ерекшелікке сай мамандарға жүктелетін қосымша ауыр жұмыстар, атап айтсақ науқас балалардың күтіміне физикалық еңбектің көбірек жұмсалатындығы, кейбір психикалық науқастығы бар балалардың тәрбиешілерге күш көрсететіндігі, соққыға дейін жететін жағдайларындағы қызметкерлердің қорғалмауы да көпшілік біле бермейтін мәселе. Әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарындағы жалақының төмендігінен және әлеуметтік қорғалмағандықтан, бұл орталықтарға кәсіби білікті мамандарды жұмысқа тарту мүмкіндігі де жоқ, - деп атап өтті сенатор.

Өзгелердің жаңалығы