Жалақы өскенде қосымша төлемдер өсе ме?

31 Тамыз 2022, 17:46
1107
Бөлісу:
Жалақы өскенде қосымша төлемдер өсе ме?

2023 жылғы қаңтардан бастап ел Президентінің тапсырмасы бойынша жалақы 25%-ға өседі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әлеуметтік желілерде жаңартылған бағдарламалар бойынша мұғалімдерге берілетін қосымша төлемді алып тастау туралы шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты таратып жатқандар бар. 

Оқу-ағарту министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, қосымша төлемдер бұрынғыдай төлене береді. Сонымен қатар 2023 жылғы қаңтардан бастап ел Президентінің тапсырмасы бойынша жалақы 25%-ға өседі, сәйкесінше қосымша төлемдердің мөлшері де жалақыға сәйкес өседі.

Өзгелердің жаңалығы