Соңғы жылдары Қостанай облысында «Жасыл ел» жастардың еңбек жасағының қатарына қосылуды көздейтіндердің қатары артып келеді, деп хабарлайды BAQ. KZ сол өңірдегі тілшісі.
Тобыл төрінде жаз маусымы басталысымен оқудан қолы босаған қостанайлық жастар лек-легімен «Жасыл ел» экологиялық отрядтарынның мүшесі болуға ұмтылады. Оның себебіде бар. Бір жағы қолы бос уақытында қарап жүрмеуді ұйғарған жастар туған ауылдары мен қалаларының тазалығы мен абаттандыруына үлес қосу. Оның үстіне жұмыстары үшін ақы төлесе кім-кімде болса келісері анық. Биыл олардың бір айлық жалақысы тоқсан бес мың теңге.
31 мамырда Лисаков қаласында «Жасыл ел» жалпыұлттық жобасының жаңа еңбек маусымы басталмақ. Осыған байланысты 16-29 жас аралығындағы жастардан қаланы көгалдандыруға қатысу үшін өтінімдерді қабылдау аяқталып, еңбекші жастар топтарға бөлініп қойыпты.
«Жасыл елде» жұмыс істегісі келетіндердің құжаттарын қабылдау қорытындысы бойынша 70-тен астам өтінім өңделді. 70 өтінімнің ішінен «Жасыл ел» бағдарламасына жұмысқа орналасу үшін 65 адам іріктелді. Айта кету керек, биыл осы бағдарламаға қатысуға ниет білдірушілер саны күрт артып отыр. Облыс жастары арасында «Жасыл ел» жобасының танымалдығы артып келеді, - дейді Лисаков жастар ресурстық орталығының маманы Мейрам Жұмабаев.
Биыл Лисаков қаласында «Жасыл Ел» бағдарламасына қатысушылардың жалақысы үшін 7 млн 687 мың теңге бөлініпті. Сондықтан әрбір еңбек жасағына айына тоқсан бес мың теңге төленбек.
Елімізде ең төменгі жалақынының мөлшері 70 мың теңгеге дейін көтерілгенін білесіздер. Сондықтан бізде жобаға қатысатын жастардың еңбек ақысын арттыруды көздеп отырмыз. Сондай-ақ, еңбек жасағында жұмыс істейтін жастардың жұмыс киімін сатып алу үшін 1 миллион 22 мыңға баға ұсыныстарын сұрату әдісімен конкурс жарияланды. Бір рет байқау қатысушылардың шықпауына байланысты, келісімшарат жасалған жоқ. Яғни бұл сомаға ешкім шыққысы келмеді. Қазір біз қайта конкурс жарияладық, - дейді Лисаков ТКШ бөлімінің басшысы Асылбек Тұрсынов.
«Жасыл ел» жобасына қатысушылары жұмысы 1 маусымнан басталмақ. Олар 31 тамызға дейін жұмысын жалғастырады.