Жалақы 1 млн теңге: Кім автобус жүргізушісі бола алады

25 Шілде 2024, 18:30
24447
Бөлісу:
Жалақы 1 млн теңге: Кім автобус жүргізушісі бола алады
PHOTO
Фото: Арман Мухатов

Елордадағы №1 автобус паркінің құрылғанына биыл 50 жыл болып отыр. Жарты ғасырлық тарихы бар мекеме журналистерге баспасөз турын ұйымдастырып, автобус паркінің қайнап жатқан өмірін көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

«№1 Автобус паркі» АҚ 1974 жылы құрылған. Биыл 3 тамызда көлік қызметкерлері күні Автобус паркі өзінің 50 жылдығын атап өтеді.

Бүгінгі таңда 2 мыңнан астам қызметкер жұмыс істейді, олардың 70%-ы автобус жүргізушілері. Күн сайын автобустар қала мен оның маңында 400-450 мың жолаушыны тасымалдайды.

Жалақы 1 млн теңге: Кім автобус жүргізушісі бола алады

Автобус паркі қызмет көрсететін маршруттардың жалпы ұзындығы 3590,5 шақырым.

Жылжымалы құрамның жалпы саны 1035 заманауи автобус 76 маршрутқа қызмет көрсетеді, оның ішінде 47 қалалық, 3 түнгі және 27 қала маңы.

№1 автобус паркінің басшысы Мадияр Тұқпатов автопарктің негізгі жұмысымен таныстырды.

Сөзінше, автобус паркінің басты міндеті - қала тұрғындары мен қонақтарына көлік жүйесін ыңғайлы әрі заманауи ету.

Жалақы 1 млн теңге: Кім автобус жүргізушісі бола алады

Автобус паркіміздің көліктік қызмет көрсетуді жетірдіруге және қала жолаушылары үшін жағдайды жақсартуға бағытталған үлкен жоспарлары бар - деп айтты ол.

Оның сөзінше, көлік саласында жүргізушілер жетіспеушілігі бұрыннан бар мәселе.

Көлік жүргізушілерінің жалақысын көтердік. Оны қала басшылығының қолдауымен 3 есеге көтердік. Қазір ең төменгі жалақы 680-700 мың теңге аралығында, ең жоғарысы 1-1,2 млн теңгеден асып түседі, - дейді Мадияр Тұқпатов.

Жалақы 1 млн теңге: Кім автобус жүргізушісі бола алады

Автобус жүргізушілері нақты режиммен жұмыс істейді. Олар 3 ауысымнан артық жұмыс істемейді. Артығымен жұмысқа шықпайды.

Ал автобус жүргізушілерінің қызмет кезіндегі барлық іс-әрекетін автобус паркі қалалық CTS компаниясымен бірге үнемі назарда ұстап отырады. Көліктердің барлығында GPS орнатылған. Құқық бұзған автобус жүргізушісінің әрекеті парктегі тәртіптік кеңесте қаралады. Мысалы, айыппұл салады немесе ескерту беріледі.

Жалақы 1 млн теңге: Кім автобус жүргізушісі бола алады

Автобус жүргізушісі жұмысқа қалай орналасады?

Автобус паркіне жұмысқа тұруға келген азамат ең алдымен психологиялық тесттен өтіп, психологпен әңгімелеседі.

Егер көлік жүргізушісі барлық талапқа сай келсе, онда ол келесі кезеңге, яғни оқуға кіріседі. Олар біліктілігін арттырып, емтихан тапсырады. Жүргізушілердің практикалық та, теориялық та білімі тексеріледі.

Көлік жүргізушісінің D санаты болуы міндетті.

Жалақы 1 млн теңге: Кім автобус жүргізушісі бола алады

Айта кетерлігі, жұмысқа қабылдарда кандидаттардың жоғары күйзеліске төзімділігі, сондай-ақ ұзақ уақыт бойы жоғары психоэмоционалды жүктемелерге төтеп беру қабілеті басты назарда болады.

Психолог сонымен бірге жүргізушілердің ойлау жұмысына қатысты барлық қабілетіне көңіл бөледі.

Жалақы 1 млн теңге: Кім автобус жүргізушісі бола алады

Ол көлік жүргізушілері алдымен жол қауіпсіздігін басты орынға қоюы керегін айтты.

Бұрын көлік жүргізушісіне 25 жасқа толған азаматтар орналаса алатын. Енді 23 жасқа толғандар да автобус жүргізушісі бола алады.

Жалақы 1 млн теңге: Кім автобус жүргізушісі бола алады

Автобус жүргізушісінің бір күні

Автобус жүргізушісінің жұмыс күні неден басталады? Жүргізушісінің жұмыс күні таңғы сағат 4-те басталады. Ол алдымен автобус паркіне келіп, дисперчерлік қызмет кабинетіне кіреді.

Автобус паркі басшысының орынбасарлары Сәбит Болатовтың айтуынша, жүргізуші кабинеттен жол құжатын алады. Ол үшін диспетчерге жеке куәлігін көрсетеді.

Жалақы 1 млн теңге: Кім автобус жүргізушісі бола алады

Жол құжатын алғаннан кейін жүргізуші медициналық тексерістен өтеді. Мұнда артериялық қысымын өлшеп, алкогольдік күйін тексереді. Мұндай тексерістен жүргізуші таңертең және кешке өтеді.

Барлығы жақсы болса, мөр басылады. Содан кейін жүргізуші автобусына барып, жолға шығады.

Жалақы 1 млн теңге: Кім автобус жүргізушісі бола алады
Жалақы 1 млн теңге: Кім автобус жүргізушісі бола алады

Сәбит Болатовтың сөзінше, автобус паркінде 40 жылдан астам еңбек етіп келе жатқан ардагер жүргізушілер бар. Тіпті автобус паркі ашылғалы бері жұмыс істеп келе жатқандар да бар.

Парктегі жүргізушілердің орта жасы шамамен 40-43 жас. №1 автобус паркінде 7 жүргізуші әйел бар.

Жалақы 1 млн теңге: Кім автобус жүргізушісі бола алады

Автобус паркінде бір автобусқа 2 жүргізуші бекітіледі. Бір ауысым шамамен 12 сағатқа созылады. Ең алғашқы автобус таңғы сағат 5.30-да жолға шығады.

Жалақы 1 млн теңге: Кім автобус жүргізушісі бола алады

Автобус паркі жаңартылады

Өндірістік нысандарға шолудан кейін кәсіпорынның экологиялық бастамалары және қызметін цифрландыру жобасы туралы шағын брифинг өтеді. Қоршаған ортаның ластануын алдын алу және көмірқышқыл газының (CO₂) шығарындыларын азайту мақсатында 2025 жылы 200 бірлік газ автобустары мен 100 бірлік электр автобустарын сатып алу жоспарланып отыр.

Автобус паркінің ауқымды жоспарларының бірі - мекемені басқаруда заманауи технологияларды енгізуге бағытталған автобус паркінің қызметін цифрландыру.

Жалақы 1 млн теңге: Кім автобус жүргізушісі бола алады

Цифрлық автобус паркі жүйесін енгізу ресурстарды басқаруды жақсартуға, уақыт шығындарын қысқартуға және жолаушыларға қызмет көрсету деңгейін арттыруға мүмкіндік береді, - деп атап өтті басқарма төрағасының орынбасары Бақытбек Молдақалиқов.

Биыл 5 жаңа қала маршруты және бір түнгі маршрут іске қосылды. Осы жылдың соңына дейін жаңа экспресс-маршруттарды іске қосу жоспарланып отыр. Сондай-ақ қазіргі уақытта қала көшелерінде көк түсті жаңартылған дизайндағы автобустар жүріп жатыр, жаздың басында осындай 100 автобус іске қосылды. Қыркүйек айында автобус паркінің жылжымалы құрамы осы дизайндағы тағы 100 автобуспен толығады.

Автобус паркі басшыларының сөзінше, жолаушылар көлікте сөмкелерін және басқа да заттарын ұмытып кететін жағдайлар жиі кездеседі. Жоғалған заттар автобус паркінің диспетчерлік қызметінде сақталады. Олардың арасынан рюкзактарды, қолшатыр, аяқ киімді көруге болады.

Жалақы 1 млн теңге: Кім автобус жүргізушісі бола алады

Сәбит Болатовтың айтуынша, оқу жылында көбіне оқушылар сөмкелерін ұмытып кетіп жатады. Кейде тіпті ата-аналар балаларын ұмытып кететін жағдайлар да кездесетін көрінеді.

Жақында естеріңізде болса, астаналық тұрғын №81 бағыттағы автобустың бірінде 1 200 000 теңге бар пакетін ұмытып кеткен еді. Кейін ақша иесіне қайтарылды. 

Айта кетерлігі автобус паркі көліктерді өздері жөндейді. Паркте қажетті мамандар бар. Олардың саны 150 адам. Паркте 120 электроавтобус бар, олардың 100-і 12 метрлік. Олар осымен 6 жылдай жұмыс істеп келеді. Автобустардың барлығы жолаушыларға ыңғайлы. 

Жалақы 1 млн теңге: Кім автобус жүргізушісі бола алады
Жалақы 1 млн теңге: Кім автобус жүргізушісі бола алады
Жалақы 1 млн теңге: Кім автобус жүргізушісі бола алады
Өзгелердің жаңалығы