Жалған ақпарат!

<h4> <p> Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті әлеуметтік желі арқылы тараған жалған ақпарат жайлы ескертеді. </p> </h4> <p> </p> <blockquote> </blockquote> <br>

 16 Қыркүйек 2020 2020, 22:12
16 Қыркүйек 2020 2020, 22:12
1853

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті әлеуметтік желі арқылы тараған жалған ақпарат жайлы ескертеді.

Соңғы күндері әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде өткен салық кезеңдері үшін қарыздар 1 қазанға дейін өтелмеген жағдайда өсімпұлдардан басқа 8 АЕК (шамамен 20000 теңге) мөлшерінде айыппұл есептелетіні туралы ақпарат таратылуда. Бұл хабарламаның шындыққа сәйкес келмейтінін ресми түрде мәлімдейміз – делінген хабарламада.

Департамент хабарлауына қарағанда, Қазақстан Республикасы қолданыстағы Салық кодексінде салық міндеттемесін орындау мерзімі өткен әрбір күн үшін берешек сомасына өсімпұл есептеу қарастырылған, бұл ретте, заңнамамен айыппұл санкциялары қарастырылмаған.
Наверх