Елордада жалған ақша шығарған шеберхананың иесі бес жылға сотталды

3 Наурыз 2020, 17:49
1922
Бөлісу:
Елордада жалған ақша шығарған шеберхананың иесі бес жылға сотталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада жалған ақша шығаратын шеберхана анықталды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша экономикалық тергеулер департаменті мәлімдеді.

Жасанды ақша жасайтын шеберхана анықталды. Қылмыстық топ 5 және 10 мың теңгелік купюраларды жасаған. "Сергек" жедел ақпаратты басқару орталығының арқасында  және үй иелерінің камералары болғандығы өз пайдасын тигізді. Соның арқасында 
барлық фактілерді және жалған төлемдердің мөлшерін анықтап, шамамен 150 мың теңге көлеміндегі заңсыз ақша айналымнан алынып тасталды, - деді департаменттің бірінші тергеу басқармасының басшысы Болат Қамитов.

Қазіргі уақытта қылмыстық топтың бір мүшесі ұсталып, сот шешімі бойынша бес жылға бас бостандығынан айырылған.

Ол осы қаладағы үйіне тиісті құрал-жабдықтар сатып алған. Сөйтіп, Қазақстан Республикасы ұлттық банкінің банкноталарына ұқсас банкноттар шығарумен айналысқан. Біздің қызметкерлеріміздің жұмысының нәтижесінде қалада жалған банкноталар жасаумен айналысатын 34 факті анықталды, - деді тергеу басқармасының басшысы.

Ол ақшаны пайдалану кезінде әрдайым су белгілері мен жай-күйіне назар аударып, банкноттардың үнемі жаңартылып отыратындығын еске салды.

Өзгелердің жаңалығы