Жаһандық жылыну: Әлемдік мұхит температурасы күрт жоғарылады

10 Қаңтар 2024, 05:27
2274
Бөлісу:
Жаһандық жылыну: Әлемдік мұхит температурасы күрт жоғарылады

Әлемдік мұхит беткейіндегі орташа температура 2023 жылы күрт жоғарылап, бұл көрсеткіш желтоқсан айында рекордтық деңгейге жеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ Сopernicus еуропалық мониторинг қызметіне сілтеме жасап.

2023 жыл бойы ауа температурасының күрт өзгеруіне мұхит беткейіндегі жоғары температура себеп болды. Теңіз беткейіндегі орташа жаһандық мән сәуірден бастап желтоқсанға дейін жылдың бұл мезгілі үшін ең жоғары болды, - делінген қызметтің сайтында жарияланған хабарламада.

БҰҰ Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымының болжамы бойынша, жаһандық температура алдағы бес жыл ішінде жоғары деңгейге жетуі ықтимал. Бұған антропогенді фактор, яғни парниктік газдар мен Ла-Ниньядан Эль-Ниньоға мұхит ағымы фазасының ауысуы әсер етеді деп күтілуде.

Бұл құбылыс жер бетіндегі орташа температураға ғана емес, жауын-шашынның түсу деңгейіне де ықпалын тигізеді. Фазалардың ауысу процесі былтыр жазда басталған.

Өзгелердің жаңалығы