Жағдайы өте нашар, тозған - депутат шығыстың жолдары туралы

5 Сәуір 2023, 15:37
789
Бөлісу:
Жағдайы өте нашар, тозған - депутат шығыстың жолдары туралы
Фото: Хабар24

Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында жолдар мәселесін көтеріп, Үкіметке сауал жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында халықпен кездесулер өткізгенде жолдарды жөндеу мәселесі жиі көтерілді.

Мысалы, «Қалбатау – Майқапшағай» және «Қалбатау – Аягөз - Үшарал» республикалық маңызы бар жолдарын жөндеу осы күнге дейін толық аяқталмаған. Бұл жолдар халыққа қиындық тудырып келеді. Сонымен қатар «Семей-Қайнар» және «Қарағанды-Аягөз-Боғас» республикалық маңызы бар жолдарды жөндеу жұмыстары тоқтап қалған, - деді депутат.

Сондай –ақ Аягөз ауданының Ақтоғай кентінен республикалық маңызы бар жолға дейінгі 85 шақырым жолдың жағдайы өте нашар, тозған.

Бұл жолдарды жөндеуді халық талап етіп отыр. AMANAT партиясының сайлауылды бағдарламасында автожолдарды жөндеуді қолға алу қарастырылған, - деп айтты Сабильянов.

Депутаттар Үкіметтен «Қалбатау – Майқапшағай» және «Қалбатау – Аягөз - Үшарал» республикалық маңызы бар жолдар учаскелерін жөндеу жұмыстарын аяқтауды, «Семей – Қайнар» және «Қарағанды-Аягөз-Боғас» республикалық маңызы бар жолдарды толық жөндеуді және Ақтоғай кентінен республикалық маңызы бар жолға дейінгі 85 шақырым жолға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуді сұрады.

Өзгелердің жаңалығы