Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Жағажайдағы қанды оқиға: Әке мен баланың шабуылынан 15 адам көз жұмды

Бөлісу:
 Getty Images
Фото: Getty Images

Австралияның Сидней қаласындағы Бонди-Бич жағажайында еврей халқының Ханука мерекесі өтіп жатқан сәтте жаппай атыс болып, 15 адам қаза тапты. Тағы 40 адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі ВВС агенттігіне сілтеме жасап.

Полицияның мәліметінше, шабуыл жасағандар – әке мен бала. 50 жастағы ер адам оқиға орнында көз жұмды, ал 24 жастағы ұлы ауыр халде ауруханада жатыр. Қақтығыс кезінде екі полиция қызметкері де жараланып, жағдайлары ауыр, бірақ тұрақты деп бағалануда.

Атыс шамамен 10 минутқа созылған. Оқиға жексенбі күні жергілікті уақытпен 18:47-де тіркелген. Жағажай маңындағы саябақта мерекеге мыңнан астам адам жиналған сәтте екі адам көпшілікке қарай көпіршеден оқ атқан.

Жағажайдағы қанды оқиға: Әке мен баланың шабуылынан 15 адам көз жұмды
Фото: ВВС

Куәгерлер мен видео жазбаларда қарулы адамның бірін бейтарап тұрғынның артынан келіп, қаруын тартып алғаны көрінеді. Кейін шабуылдаушылардың көлігіне тиесілі болуы мүмкін автокөліктен қолдан жасалған жарылғыш заттар табылғаны хабарланды.

Ресми органдар бұл қанды оқиғаны антисемиттік бағыттағы теракт деп бағалады. Зардап шеккендердің жасы 10 мен 87 жас аралығында.

Тергеу жалғасып жатыр, билік қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігі күшейтілгенін мәлімдеді. 

Өзгелердің жаңалығы