Жаға бекіту жұмыстары туралы ақпаратты қайдан білуге болады

21 Мамыр 2024, 15:12
225
Бөлісу:
Жаға бекіту жұмыстары туралы ақпаратты қайдан білуге болады
VIDEO
Фото: скрин

Енді жаға бекіту жұмыстары мен кезекшілікке жауаптылар туралы ақпаратты геоақпараттық порталдан көруге болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атырау облысы әкімдігінің геоақпараттық порталына аймақтағы су тасқыны жағдайына байланысты жаңа функция іске қосылды.

Бұл туралы облыстық цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы Алмас Көпжанов мәлім етті.

Порталда Жайық бойындағы бөгеттер мен өзен арналары картаға түсіріліп, толық ақпаратпен қамтылған. Сонымен қатар әр учаскеде жүріп жатқан іс-шараларға жауапты координаторлар, мекемелер және жұмылдырылған еріктілер туралы мәліметтер де бар. Бұл ақпарат күн сайын жаңартылып отырады,-деді Алмас Көпжанов.

Өзгелердің жаңалығы