"Жәбірленуші менмін": Қайрат Нұртасқа қатысты сот басталды

5 Шілде 2024, 12:54
577
Бөлісу:
"Жәбірленуші менмін": Қайрат Нұртасқа қатысты сот басталды

Қайрат Нұртастың Алматы-Астана бағытындағы ұшақта бұзақылық көрсеткеніне қатысты Астананың әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сот отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Хаттама бойынша 4 маусымда сағат 20:00 шамасында Айдарбеков Алматы–Астана бағытындағы рейс бортында жәбірленуші Асылбек Бекқайыровпен келіспеушілікке келіп, басынан, оң жақ көзінен соққан. Сонымен қатар, сот-медициналық қорытындыға сәйкес Бекқайыровке жеңіл дәрежеде денсаулығына зиян келтірілген. 

Алайда Қайрат Айдарбеков бұл хаттамамен толық келіспейтінін жеткізді. Ол өзін жәбірленуші деп атады.

Бұл жерде жәбірленуші менмін. Себебі мені бірінші ұрды. Мен төбелескен жоқпын. Оның бәрі жазылып тұр. Бірінші мені басып ұрды. Бұл жерде мен жәбірленушімін. Бұл жерде неге мені ұрды деп қойғаныңызды түсінбей тұрмын, - деді Қайрат Нұртас сотқа жауабында.

Өзгелердің жаңалығы