ІІМ түрмеде жәбірленген сотталғандардың ісін тергеуді жалғастыруда

15 Тамыз 2019, 16:08
1941
Бөлісу:
ІІМ түрмеде жәбірленген сотталғандардың ісін тергеуді жалғастыруда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «YouTube» видеохостингінде колония қызметкерлерінің сотталғандарға қатысты күш қолдануы туралы материалдар жарияланғаннан кейін Алматы облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ЛА-155/8 мекемесіне (Заречный кенті) дереу комиссия жіберілген болатын.

«Қызметтік тергеу нәтижелері бойынша тәртіптік негізде аталған мекеме мен Алматы облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің 14 лауазымды тұлғасы жазаланды», - деп атап өтті Ерлан Тұрғымбаев.

Қазақстан Республикасы ІІМ Баспасөз қызметінің хабарлауынша, ішкі істер органдарынан 7 қызметкер, оның ішінде 2 мекеме бастығының орынбасары жұмыстан шығарылды.

Тәртіптік сипаттағы шаралармен қатар, Алматы облысының арнайы прокурорлар басқармасы ҚР ҚК 146-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық істерді тергеу шеңберінде 7 қызметкерге қатысты тергеу изоляторына қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды.

Сонымен қатар, мекеме бастығы және Алматы облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары қызметінен босатылды.

Айта кетейік, қазіргі уақытта қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің осындай қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға итермелейтін фактілерді жою бойынша жүйелі шаралар қабылдануда.

Сондай-ақ, министр ағымдағы жылдың 24-25 сәуірінде Алматы облысы ҚАЖ департаментінің ЛА155/14 мекемесінде тінту іс-шаралары фактісі бойынша қызметтік тексеру жүргізу барысы туралы атап өтті.

Тексеру барысында мекемеден 30 ұялы телефон, 16 зарядтау құрылғысы, 3 құлаққап, 54 шаншу-кесетін заттар (бір рет қолданылатын станоктың жүзі – 34, тырнаққа арналған қысқыштар – 5, қайралған металл заттар – 6, қайшы - 9), азаматтық үлгідегі заттар – 50, қолдан жасалған 2 қайнатқыш табылды.

Қазіргі уақытта осы факті бойынша қызметтік тексеру жүргізілуде.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіннің Алматы облысы бойынша департаменті азаптау туралы сотталғандардың өтініштері негізінде тергеу жүргізуде.

Тексеру барысында барлық оқиғалар қатысушылардың және оларға жол берген адамдардың іс-әрекеттеріне құқықтық баға берілетін болады.

Еске салсақ, интернет желісінде түрме қызметкерлерінің сотталғандарды ұрып-соққан видеосытарап кеткен болатын. Кейіннен ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз жәбір көрген сотталушылар туралы тараған видеоға түсініктеме беріп, түрме басшысының орнынан кеткенін хабарлаған болатын.



Өзгелердің жаңалығы