Жабайы жағажайда шомылып жүрген адамның сіңірі тартылып, суға батып кете жаздады

12 Шілде 2023, 21:22
629
Бөлісу:
Жабайы жағажайда шомылып жүрген адамның сіңірі тартылып, суға батып кете жаздады
Фото: Ақмола облысының ТЖД

Оқиға бүгін Зеренді ауданының жабайы жағажайында болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қарағанды қаласынан келген туристің шомылу кезінде аяғының сіңірі тартып қалды. Ер адам жағадан 20 метр қашықтықта болды. Сол уақытта жедел-құтқару жасағының құтқарушылары патрульдеу жұмыстарын жүргізген болатын. Құтқарушыларды көрген ер адам, оларды көмекке шақыра бастады. Қызметкерлер қайықпен жүзіп барып, ер адамды жағаға жеткізді.

Ақмола облысының ТЖД рұқсат етілген жерлерде ғана шомылу қажет екенін еске салады.

Өзгелердің жаңалығы