Жабайы қабандар фототұзаққа түсіп қалды

25 Маусым 2022, 10:06
1417
Бөлісу:
Жабайы қабандар фототұзаққа түсіп қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қыстан аман шыққан торайлар «Алтын-Емел» ұлттық паркінде серуенге шыққан.

Видео осы жылдың сәуір айында түсірілген,  қабандар бұлаққа су ішу үшін емес, батпаққа аунау үшін келген. Осылайша  аңдар кенелерден қорғанады.      

Ұлттық саябақта 100-ден астам жабайы қабан мекендейді. Бұл жануарлар күніне орта есеппен 4-5 мың калория азық жейді, тамақтың иісін  бес шақырымнан астам қашықтықтан сезеді.

Өзгелердің жаңалығы