"Жаңажылдық" тариф үшін такси жүргізушісі таяқ жеді

4 Қаңтар 2020, 17:46
3129
Бөлісу:
"Жаңажылдық" тариф үшін такси жүргізушісі таяқ жеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Белорустің Гродно қаласында жолаушы такси жүргізушісінің жағын мен үш тісін сындырды.

Жүргізуші өз қызметі үшін екі есе ақша сұрап, оны жолаушыға "жаңажылдық тариф" деп түсіндірген. Бұл туралы Newgrodno.by порталына сілтеме жасап Лента.ру жазады.

2 қаңтар күні түнгі сағат 2-ге қарай "Колизей" клубының қасынан Санкт-Петербургтен мейрамға орай келген Белорусь азаматы таксиге отырады. Такси жүргізушісі Денис такси қызметі жаңажылдық тариф ретінде қызмет бағасын екі есе көбейтіп қойғанын айтқан. Жолаушы мұнымен келіспей, ашуланып жүргізушіні ұрып жіберген. Содан соң жолаушы қашып кетпекші болған, бірақ жақын жерде тұрған басқа такси жүргізушілері оны ұстап, құқық қорғау қызметкерлеріне берген. 

Соққы салдарынан жүргізушінің жағы екі жерінен сынған және үш тісі түсіп қалған. Оған шұғыл түрде ота жасалған.
Өзгелердің жаңалығы