Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Карантинге байланысты су айдындарында шомылуға тыйым салынады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Рейдтер нәтижесінде жағажай маусымы басталғаннан бері Нұр-Сұлтанда 114 адам жауапкершілікке тартылды.
Жағажай маусымының басынан бері 1992 адамды қамтыған 596 рейд ұйымдастырылып, 114 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жұмыстарға 503 мемлекеттік қызметкер тартылып, 12200 буклеттер мен брошюралар таратылды, БАҚ-та 151 материал жарияланды, 155 тыйым салу белгілері, 20 ақпараттық стендтер және 20 қалқыма белгі орнатылды, - деп хабарлады елорданың төтенше жағдайлар департаменті.
Елорданың барлық су нысандарын күн сайын 14 қайықпен жабдықталған 80 төтенше жағдай қызметкерлері күзетеді. Сондай-ақ патрульдік көліктер қала маңындағы су жолдарының жанында орналасып, көліктердің кіруіне тыйым салуды қамтамасыз етеді.
Шомылатын жерлерде тәртіпті қоғамдық құтқарушылар мен аудандық бөлімшелердің қызметкерлері қадағалайды. Бүгінде қоғамдық құтқарушылар қарқынды жұмыс жасауда. Белсенділер рейд жүргізіп, су қауіпсіздігі ережелерін әлеуметтік желіде таратуда. Соңғы үш жылда олардың қатысуымен 24 адам құтқарылды.