Жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталған жол картасы әзірленіп жатыр

17 Наурыз 2020, 10:15
1316
Бөлісу:
Жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталған жол картасы әзірленіп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Осы күнге дейінгі нарықтағы жағдай тұрақты болғанымен сыртқы нарықта қалыптасып жатқан факторларларға байланысты еліміздің еңбек нарығының тұрақтылығында қауіп тәуекелдер болжанады. 

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовбүгінгі Үкімет отырысында айтты.

Министрдің айтуынша, ол жұмыскерлердің босау мүмкіндігі, жаңа жұмыс орындары көлемінің азаюы, жұмыс істеу деңгейінің өсу қатерлері. Елімізде осындай кері әсерлерді болдырмау мақсатында жаппай жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталған жол картасы әзірленіп жатыр. 

Жол картада 2009-2013 жылдары оң нәтижесін берген жұмыссыздар санының өспеуіне әср еткен инфроқұрылымдық жобаларды іске асыру шаралары көзделеді. Оның ішінде әлеуметтік-мәдениет нысандарын, яғни білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, ойын-сауық және демалыс обектілерін қайта құрылымдау, күрделі жөндеуден өткізу,-деді ол. 

Сондай-ақ, ол осы бағытта тұрғын үй комуналдық шаруашылық нысандарын жаңғырту қолға алынатынын айтты. Күрделі, орташа және ағымды жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл сумен жабдықтау, кәріз нысандарын, газбен, жылумен, электр қуатымен жабдықтау жүйелері.

Инженерлік көлік инфрақұрылымын жаңғырту, күрделі, орташа және ағымдық жөндеу жұмыстары джа жүргізіледі. Бұл қалалық автокөлік жолдары, кентішілік және ауыл ішіндегі жолдар, кірме аудандық маңызы бар жолдар, бөгеттер, дамбылар және көпірлерге тиісті,-деді ол.
Өзгелердің жаңалығы