Жаңаөзенде қайта жөндеуден өткен білім және медицина нысандары пайдалануға берілді

9 Тамыз 2020, 20:46
1702
Бөлісу:
Жаңаөзенде қайта жөндеуден өткен білім және медицина нысандары пайдалануға берілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов жұмыс сапарымен Жаңаөзен қаласында болды. «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында іске асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобалардың сапасын бақылап, қаланың абаттандыру жұмыстарымен танысты. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Алдымен өңір басшысы №5 Өндірістік аймақта орналасқан Жаңаөзен ауданаралық туберкулез ауруханасының жағдайымен танысты. Аурухана 100 орындық, 2010 жылы пайдалануға берілген. Қазіргі уақытта медициналық мекемеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ауруханадағы қызметкер саны – 28. Жөндеу жұмыстары жоспарға сәйкес тамыз айының соңында пайдалануға берілмек. Облыс әкімі нысанның сапасына мән беріп, мерзімінде аяқталуын тапсырды.

куть.jpg

Осыдан кейін аймақ басшысы 2018 жылы Ақбұлақ шағын ауданында құрылысы басталған «Бейбітшілік» тұрғын үй кешеніне барды. Жоба бойынша тұрғын үй кешенінде барлығы 23 үй тұрғызылады. Қазір тұрғын үй құрылысының 1-кезеңі бойынша 2 үйдің құрылысы жүріп жатыр. Бүгінде 1,2-ші тұрғын үйлердің электр желілері толықтай жүргізілген, ауыз су желісі толықтай тартылған, газ желісі 95%, жылу жүйесі 85% аяқталған. Кәріз желісі 80% орындалды. Жалпы құрылыстың құрылыс-монтаждау жұмыстары 90% аяқталып тұр. Үлескерлерге алғашқы нұсқадағы (черновой вариант) пәтерлер беріле бастады. Облыс әкімі құрылыс компаниясына жобаны уақытында аяқтап, сапасына аса жауапкершілікпен қарауды тапсырды. Сондай-ақ, үлескерлер мәселесі туындамас үшін тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп тұруды тапсырды.

Бұдан кейін облыс әкімі С.Трұмов "Жалын" шағын ауданында мамыр айында құрылысы басталған Жаңаөзен қалалық мемлекеттік мұрағат ғимаратының құрылыс жұмыстарымен танысуға барды. Құрылыс жер учаскесінің алаңы - 0,25 га. Оның ішінде: ғимараттың жалпы ауданы - 699,29 м2, пайдалы ауданы - 658,16 м2, құрылыс көлемі - 2 814,3 м3 құрайды. Бүгінгі таңда ішкі тоқ жүйелері жүргізіліп, сыртқы қоршаулары орнатылған. Ішкі сылақ жұмыстары жүріп жатыр. Жоспарға сай нысан жыл соңында аяқталады. Аймақ басшысы құрылыстың сапасы мен мерзімінде аяқталуына баса назар аудару керектігін ескертті.

Сонымен қатар, өңір басшысы Жаңаөзендегі "Білім инновация" лицей интернатында болып, құрылыс жұмыстарымен танысты. Лицей интернаты 2015 жылы облыс әкімінің №3 қаулысымен құрылды. Бүгінгі таңда 82 қызметкер 167 оқушыға білім беруде. Білім ордасы 220 оқушыға арналған және 110 орындық жатақханасы бар. Білім ордасындағы құрылыс 100 % аяқталып, ашылуға білім маусымын күтіп тұр.

Сондай-ақ, өңір басшысы Жаңаөзен қаласының тұрғындарына арналған провизорлық орталыққа барды. Қазір онда күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Құрылыс аумағы 1,21 га (оның ішінде: ғимарат - 2500 м2, құрылыс көлемі - 7500 м3). Нысанның 1 қабатында: 10 бөлме, 1 конференц зал, 2 қабатында: 9 бөлме, 1 конференц зал бар.

Емдеу-профилактикалық қызметін көрсету мақсатында Жаңаөзен қаласының тұрғындарына арналған провизорлық орталық болып қайта құрылу сатысында.



Өзгелердің жаңалығы