Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оқиға 24 қараша күні болған. Кәмелеттік жасқа толмаған мейрамхана қызметкерлері газдан уланып қаза тапқан.
Тағы бір жеткіншек ауруханада жатыр. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінде мәлімдегендей, қаза болған 14 жастағы бала – оқушы, ал 16 жастағы бала – колледж студенті болған. Сол мейрамханада жұмыс істеген.
Тағы бір зардап шеккен 2003 жылғы бала комада жатыр. Бүгін есін жию керек, - деді Маңғыстау облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінде.
Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабының 4-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы сараптамадан кейін белгілі болады, - деді Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінде.