Жаңа тұрғын үй бағдарламасы бойынша кімдер баспаналы бола алады?

7 Тамыз 2020, 13:00
3932
Бөлісу:
Жаңа тұрғын үй бағдарламасы бойынша кімдер баспаналы бола алады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте ҚТҚЖБ Алматы филиалы директорының орынбасары Данагүл Түсіпова айтты. 

"Алматы жастары" бағдарламасы бойынша несие сомасы 13 млн теңгені құрайды. Үйдің сомасы шектелмеген. Кез келген қалаған үйді алуға болады. Үйдің бағасы қымбат болған жағдайда қалған айырмасын сатып алушылар өздерінің қосуына мүмкіндік бар. Пайыздық мөлшерлеме 5 пайызбен, алғашқы жарнасы 10 пайызбен беріледі. Сатып алатын үйді кепілдікке қойып, банк тарапынан несие алуға болады. Бұл бағдарлама 2020 жылы ашылды. Әкімнің қолдауымен жаңа серпінге ие болды, - деді ол. 

Түсіпова айтқандай, биыл бағдарламаға қомақты сома бөлінді. 
Әкімшілік тарапынан 10 млрд теңге, ТҮҚЖБ тарапынан 3 млрд теңге бөлінді. Осы бағдарлама бойынша жыл соңына дейін 1000 жасты үймен қамту жоспарланып отыр. Бағдарламаға алматылық жастар, яғни 35-ке толмаған жастар қатыса алады. Қатысушылардың және оның отбасы мүшелерінің  атында соңғы 5 жылда үй болмауы керек.Алматыда кем дегенде 6 ай жұмыс істеуі керек. Сондай-ақ белгілі бір салада жұмыс істейтіндер қатыса алады, - деді ол.
 
Маман айтқандай, әкімнің тапсырмасы бойынша сұранысқа ие мамандық өкілдерін алдымен үймен қамтамасыз ету қарастырылған. 
"Алматы жастар" бағдарламасы аясында медицина, спорт, мәдениет, БАҚ, әлеуметтік сала, білім беру және ЖОО мен ғылыми зерттеу саласының өкілдерін үймен қамтамасыз ету қарастырылған, - деді ол.


Өзгелердің жаңалығы