Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жүзуден 2020 жылғы Азия чемпионаты бір жылға кейінге шегерілді, деп жазды Olympic.kz.
Құрлықтық біріншілік 7-17 қараша күндері Нью-Кларк-Ситидегі (Филиппин) су спорты түрлері орталығында өтеді деп жоспарланған. Коронавирус індетінің таралуына байланысты ұйымдастырушылар жарысты келесі жылға қалдыруды дұрыс тапқан. Азия жүзу спорты федерациясының рұқсатымен осындай шешім қабылданған.Азия чемпионаты ресми түрле 2020 жылдан 2021 жылға ауыстырылды. Алайда, қай күндері өтетіні нақтыланбады.