Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Павлодар облысы әкімінің төрағалығымен өткен жиында полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов мәлімдеді, деп хабарлайды облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Жүргізілген зерттеулерге сәйкес, тұрмыстық қылмыстардың 73% жұмыссыз азаматтар, ал 63 % мас күйдегі адамдар жасаған. Қазір мемлекеттік органдар құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстары жүргізуде. Алайда, отбасылық-тұрмыстық бағыттағы қылмыстар саны азаймай тұр. Әсіресе, Павлодар мен Екібастұз қалаларының тұрғындары "көш бастап" тұр. Облыстың 280-нен астам тұрғынына алкогольдік сусындар пайдалануға тыйым салынған, - дейді полиция департаментінің бастығы.
Өңір басшысы Болат Бақауовтың пікірінше, учаскелік инспекторлардың жұмысын жандандыру керек.
Учаскелік шақыртулар орын алған отбасыларға кем дегенде аптасына бір рет барып тұру керек. Сонымен қатар, учаскелік инспекторлар алкогольдік сусындарды жиі ішетін адамдарды жақсы тануға тиіс. Учаскелік инспекторлардың жұмысын жандандыруды тапсырамын, - деді облыс әкімі.