Жәнібек Әлімханұлы аргентиналық боксшыны екінші раундта құлатты

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Орта салмақта жұдырықтасатын жеңілмеген қазақстандық&nbsp;Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) кезекті жекпе-жегінде жеңіске жетіп, WBC Continental Americas және WBO Global титулдарын қорғап қалды, &nbsp;деп хабарлайды&nbsp;<a href="https://kaz.vesti.kz/">Vesti.kz</a>.</h4>

 10 Қазан 2020 2020, 09:03
10 Қазан 2020 2020, 09:03
2278

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Орта салмақта жұдырықтасатын жеңілмеген қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) кезекті жекпе-жегінде жеңіске жетіп, WBC Continental Americas және WBO Global титулдарын қорғап қалды,  деп хабарлайды Vesti.kz.

Жекпе-жек АҚШ-тың Лас-Вегас штатындағы MGM Grand спорт кешенінде өтті. Жәнібектің қарсыласы 23 жастағы «Сиқыршы» лақап атты аргентиналық Гонсало Кория (16-4, 6 КО) болды.

Он раундқа есептелген жекпе-жек екінші раундта аяқталды. «Сиқыршы» Жәнібектің ауыр соққысынан кейін орнынан тұра алмады. Оған дейін қазақ боксшы Корияны бірінші раундта-ақ есеңгіретіп, нокдаунға түсірген еді. 


Наверх