Жұмыстары жанданған сән салондары мен дүкендердің жағдайы қандай?

8 Мамыр 2020, 14:30
2019
Бөлісу:
Жұмыстары жанданған сән салондары мен дүкендердің жағдайы қандай?
Фото: ашық дереккөз

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 4 мамырдан бастап бірқатар шағын мекеме өз жұмыстарын бастап кетті. Келушілер бұрынғыға қарағанда көбейді ме, жоқ па? Бұл туралы салон қызметкерінен сұрап білдік. 

Келушілердің саны бұрыңғыдан біршама өсті. Иә, карантин жарияланған күні біздің салон өз қызметін тоқтатты. Алайда, 4 мамырдан бастап қайтадан жұмысымызды бастап кеттік. Қазіргі таңда келушілердің саны біршама артты деуге болады. Өздеріңіз білесіздер карантин кезінде адамдар үйде отырды. Салондар жабық болды. Шаш қидыру, тырнақ жасату сияқты процедуралар көп адамда жасалмады. Сондықтан қазір салонның қызметіне жүгінгісі келетін адамдар саны өсті деп айта аламын, - деді салон қызметкері.

Сонымен қатар, салонның қызметіне жүгінгісі келетін адамдар тек қана алдын-ала жазылу бойынша жүзеге асатынын айтты. 
Қандай адам болмасын салонның қай қызметіне жүгінгісі келсе, алдын-ала жазылу тиіс. Жазылмаса ешкімді қабылдамаймыз. Тағы бір айтатын жайт карантин жалғасып жатқандықтан, келушілер бетперде келіп келуі тиіс. Оны әдейілеп есіктің сыртына жазып қойдық, - деді салон қызметкері. 
Сонымен бірге, карантин кезінде жарияланған барлық сақтық шаралар сақталып жатқандығын айтты. Қызметкерлер арнайы бетперделермен қамтамасыз етіледі, қолданылатын құрал-жабдықтар әр келушінің алдында дезинфекцияланып, стерилденеді. Сұлулық салондардан бөлек, карантин кезінде жұмыс жасап жатқан азық-түлік дүкендері де бар. 
Бұл дүкенді мен жалға алғаныма бір жылдың көлемі болды. Дүкеніміз карантин режимі басталғалы жұмыс жасап жатыр. Бірақ арнайы шектеулер бар. Кешкі сағат 20,00-ге дейін ғана жұмыс істейміз. Келушілер саны көп емес. Тұрақты өзіміздің келетін сатып алушыларымыз бар. Тұрғындар көбінесе  күнделікті тұтынатын азық-түліктер: нан, сүт, айран, қаймақ алады,- деді сатушы. 
Тұрғындар үлкен супермаркеттерден алғанды дұрыс санайды дейді сатушы Мұхит Рақышев.
Тұрғындарға көп жағдайда үлкен супермаркеттерден алған пайдалырақ шығар. Барлығын бір жерден алады. Азық-түлік дүкендерінің кейбірінде біреуі болса, енді бірі болмай жатады. Карантин жарияланған күні тауарды әкелушілер де азайып, кейбір тауарлардың болмай қалғаны рас. Қазір азық-түліктің барлығы бар. Тұрғындардың сұранысы бойынша да тауарларды алдырамыз, - деді сатушы.
Сонымен қатар, төтенше жағдай кезінде сақтық шаралары орындалып жатқандығын тілге тиек етті. 
Тұрғындар бетперде киіп келу міндетті. Кассаның жанында антисептик қойылған. Келушілердің ара қашықтығы 1 метр болуы шарт. Бетперде мен қолғапты үздіксіз тағамын. Әр бір-екі сағат сайын хлормен еденді жуып, сөрелерді антисептикпен тазалап отырамын, - деді сатушы.



Өзгелердің жаңалығы