Жұмыспен қамту. Мамин министрліктерге бірқатар тапсырма берді

18 Тамыз 2020, 09:52
1773
Бөлісу:
Жұмыспен қамту. Мамин министрліктерге бірқатар тапсырма берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Онлайн өткен Үкімет отырысында премьер-министр Асқар Мамин жұмыспен қамту бойынша бірқатар тапсырма берді.

Еңбек министрлігі барлық мүдделі мемлекеттік орган және әкімдіктермен бірлесіп, қаражаттың толық игерілуі мен мемлекеттік бағдарламалар шараларынының толық жүзеге асырылуын қамтамасыз етуі тиіс. "Электронды еңбек биржасы" бизнес процестерін оңтайландыру және жұмыспен қамтуды дамыту шараларын қабылдау керек, - деді ол. 
Мамин әкімдіктер жұмыссыз жүрген әр адам бойынша "профайл" қалыптастыру керек екенін айтты. 
Әкімдіктер жұмыспен қамту бойынша нысаналы жұмыс жүргізуі керек. ҰЭМ, АШМ мен "Атамекен" ҰКП әкімдіктермен бірлесіп, бизнес бастамаларды дамыту және қолдау жөніндегі жұмыстарды қарқынды түрде жүргізсін, - деді ол. 
Премьер-министр осы тапсырмалардың жүзеге асырылуын бақылауды Ералы Тоғжановқа тапсырды. 

Айта кетейік, отырыста Асқар Мамин биыл "Еңбек", "Жұмыспен қамтудың жол картасы" және басқа салалық бағдарламалар аясында жұмыспен қамту шаралары 743 мың адамды қамтығанын айтқан болатын.

Естеріңізге сала кетейік, Асқар Мамин жыл соңына дейін 1,2 млн адамға қолдау көрсетілетінін айтып өтті.

Өзгелердің жаңалығы