Жұма күнгі ауа райы болжамы

13 Наурыз 2020, 08:18
1562
Бөлісу:
Жұма күнгі ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Синоптиктер 13 наурыз күні Қазақстан аумағының басым бөлігі антициклон ықпалында қалады. Соған орай жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп болжайды.

Еліміздің тек батысында және солтүстік-батысында фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) жауады. Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, тұман түседі, солтүстікте көктайғақ болмақ.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің күші 18-23, кей уақытта 28 м/с дейін күшейеді.

Жамбыл, Батыс Қазақстан, Солтүстік Батыс, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман күтіледі, жел 15-20 м/с артады.

Қарағанды, Ақтөбе, Атырау, Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман болжанады.

Павлодар облысының кей жерлерінде тұман мен көктайғақ күтіледі.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с артады.

Күндіз Қызылорда облысында желдің күші 15-20 м/с күшейеді.


Өзгелердің жаңалығы