Алматы, BAQ.KZ. Биылғы 5 айда салмағы және габариттік параметрлері шамадан тыс болған 2063 автокөліктің еліміздің жолдарымен жүріп өтуіне тосқауыл қойылды.
Жыл басынан бері ҚР ИИДМ Көлік комитетінің көліктік бақылау органдары 42 916 жүк автокөлік құралын тексерген. Нәтижесінде талаптарды бұзған 6 311 жағдай анықталыпты. Оның ішінде рұқсат беру жүйесі бойынша заңнама талаптарын бұзған 316 шетелдік көлік бар.
2063 автокөлк құралының артық жүктемемен жүруіне жол бермеді және 1,3 млрд теңге алым алынып, 290 млн теңге көлемінде айыппұл өндірілді. 2020 жылдың 5 айында мемлекет кірісіне барлығы 1,6 млрд теңгеден астам алымдар мен айыппұлдар өндіріп алынды, - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, 49 шаруашылық субъектісі тексеріліп, 34 бұзушылық анықталған. Ереже бұзғандар бойынша 30 ұйғарым берілген. Сондай-ақ жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін бұзғаны үшін 2609 әкімшілік материал ресімделген. Өндіріп алынған айыппұл сомасы шамамен 49,0 млн теңге.