Зейнеткерлерге 50 мың теңгеден төлене ме? – Еңбекмині жауап берді

22 Қаңтар 2024, 19:15
18479
Бөлісу:
Зейнеткерлерге 50 мың теңгеден төлене ме? – Еңбекмині жауап берді
Фото: Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнеткерлерге материалдық көмек төлеу туралы ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Министрліктің мәліметінше, зейнетақысы 140 мың теңгеден аспайтын зейнеткерлерге мемлекеттен 50 мың теңге мөлшерінде біржолғы төлем берілетіні туралы мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде таратылып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды.

Мессенджерлерде зейнеткерлерге материалдық көмек төленетіні туралы жалған ақпарат таралып жатыр. Тағайындалған қаражатты алу үшін белгісіз адамдар Халыққа қызмет көрсету орталығына хабарласып, №2 нысанды толтыруды ұсынады. Мұндай материалдық көмек түрі жоқ екенін және мемлекеттік қолдаудың тиісті шаралары туралы ресми ақпарат тек қана 1414 нөмірінен СМС-хабарламалар арқылы таратылатыны хабарлаймыз, - делінген ресми хабарламада.

Еңбек министрлігі азаматтардан тек ресми көздердегі ақпаратты пайдалануын сұрап, жалған ақпаратты тарату заңмен жазаланатынын еске салды.

Өзгелердің жаңалығы