ҚМА БҚО бойынша департаменті «Қазпошта» АҚ пошта бөлімшесінің екі қызметкерінің ЖШС бірінің шотына өткізген ақшасын 4 жыл бойы ұрлау фактісін анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Барлығы 37 миллион теңгеден астам ақша ұрланған. Сонымен қатар, олар 2013-2020 жж. ішінде құжаттарды қолдан жасау арқылы зейнеткердің 1,2 млн теңгедан астам қаражатын иемденіп алған.
Операторлар 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Оларға қаржылық және мемлекеттік ұйымдарда материалдық жауапты қызметтерді атқаруға өмір бойына тыйым салынады.