Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе полицейлері Пригородный кентінің тұрғыны 83 жастағы зейнеткердің өліміне қатысты қылмысты ашты, деп хабарланды Polisia.kz сайтында.
Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, 12 тамызда қайтыс болған адамның көршілері Жедел басқару орталығының телефонына қоңырау шалып, түнде 83 жастағы көршісінің қайтыс болғанын хабарлады.
Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы "механикалық асфиксия түрінде" зорлық белгілерімен зейнеткердің мәйітін тапты. Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 57 жастағы ақтөбелік күдікті анықталды. Ер адам Ақтөбе қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кісі өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, - делінген ведомство мәліметінде.
Айта кетейік, 11 тамызда ол жалғызбасты зейнеткердің үйіне кіріп, оны тонамақ болған. Зейнеткер шуға оянып кеткесін, күдікті оны ұрып-соғып, тұншықтырған. Алайда, зейнеткердің үйінен ол 1-2 мың теңге көлемінде ақшадан басқа құнды ештеңе таппады.
Оқи отырыңыз: