Жыл басынан бері 1,5 трлн теңге зейнетақы төленді

13 Қыркүйек 2019, 11:01
2049
Бөлісу:
Жыл басынан бері 1,5 трлн теңге зейнетақы төленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылғы қаңтардан тамызға дейін республикалық бюджеттен базалық зейнетақы төлеуге 469,9 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлемдері - 1 029,7 млрд теңге бағытталды. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

"2019 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша базалық зейнетақы төлемдерін алушылар 2 млн 171,2 мың адам, ынтымақты зейнетақы төлемдерін шамамен 2 млн 190,1 мың адам алады. Зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемін ескере отырып) 2018 жылғы 1 қыркүйекке 85 679 теңгені құрады. Ол ұқсас кезеңмен салыстырғанда 5,5%-ға жоғары"- делінген хабарламада. 

Министрліктің мәліметінше, 2019 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша еліміздегі зейнеткердің саны 2 миллион 190 мың адамды құраған, оның ішінде 2019 жылы шамамен 43 мың адам енді зейнетке шыққандар.

 

Өзгелердің жаңалығы