Қазақстанның соңғы жаңалықтары

"Зейнетақы қорынан ақша шығарып беремін": WhatsApp-тағы жалған қызмет әшкере болды

18 Маусым 2025, 14:35
980
Бөлісу:
 BAQ.KZ  - архив
Фото: BAQ.KZ - архив

Астанада зейнеткерлерді зейнетақы жинақтарын шешіп беремін деп алдаған әйелге қатысты үкім шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Астаналық әйел ақпараттық жүйені пайдалана отырып алаяқтық жасады деп танылды. Ол 2024 жылы WhatsApp мессенджері арқылы жалған хабарлама таратып, БЖЗҚ-дан зейнетақы жинағын шығарып беру қызметін ұсынған.

Жарнамада зейнетақы жинағы жеткіліктілік шегінен аспайтын азаматтарға көмектесе алатынын айтып, сенімге кірген. Бірақ уәде етілген қызмет көрсетілмесе де, ол адамдардан 50 мыңнан 500 мың теңгеге дейін ақша алған.

Осылайша, алаяқ 17 азаматты алдап, жалпы сомасы 3 миллион теңгеден астам қаражатты иемденген. Қылмыстық істі қарау барысында ол өз кінәсін толық мойындап, жәбірленушілерге келген шығынның орнын толтырған.

Әйел сот үкімі бойынша Қылмыстық кодекстің алаяқтық бабымен кінәлі деп танылды. Сот кінәлінің жауапкершілігін жеңілдететін жағдайларды ескеріп, мүлкін тәркілей отырып, шектеулі жаза тағайындады, - деп жазылған хабарламада. 

Өзгелердің жаңалығы