Алматы, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік сақтандыру, базалық әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру саясаты департаментінің сарапшысы Айгүл Сакеева зейнетақы жүйесін жаңғырту қалай жүріп жатқанын айтып берді.
Қазір Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Зейнетақы жүйесін одан ары жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу аясында жұмыс жүріп жатыр.
Сакееваның айтуынша, зейнетақы жүйесін жаңғырту бойынша атқарылып жатқан ауқымды жұмыстың бәрі зейнетақы жүйесіне үлкен өзгеріс әкеледі.
Зейнетақы жүйесін жетілдіру бойынша жасалып отырған ұсыныстың барлығы 2019 жылы ҚР Үкіметі жанынан құрылған жұмыс тобының ұзақмерзімді модельдерді зерттеу нәтижесінде пайда болды. Бұл ұсыныстардың ең ауқымдысы әрі маңыздысы базалық зейнетақыны кепілдік берілген ең төменгі зейнетақыға көшіру болып отыр. Бұл ұсыныс бойынша 2028 жылдан бастап барлығымыз базалық зейнетақыдан ең төменгі кепілдік берген зейнетақыға көшеміз. Соның нәтижесінде зейнетақы жүйемізде базалық зейнетақыны есептеу әдісінде үлкен өзгеріс болады. Мәселен ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%-дан 74%-ға дейін өсуі, сол сияқты зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтілін есептегенде оның 10 жылдан 5 жылға дейін төмендеуі. Сонымен қатар қазіргі зейнетақы мөлшерін есептегендегі еңбек өтілінің шектеуін алып тастау сияқты ауқымыды шаралар қарастырылып отыр,-дейді сарапшы.
Сөз арасында ол еңбек тілінінің шектеуін алып тасау мәселесін түсіндірді.
Шектеуді алыптастау жөніндегі өзгеріске келер болсақ, ол қазіргі зейнетақы жүйесін есептеу әдістемесіне сәйкес ең төменгі күнкөріс деңгейінде болады. Егер сіз 30 жыл жұмыс істесеңіз онда ең төменгі күнкөріс деңгейінде зейнетақы аласыз. Осы мәселені қазіргі өзгерістер аясында алып тастауға қадам жасап жатырмыз,-деді Сакеева.
Тұжырымдама аясында сондай-ақ зейнет жасына толған адамға зейнетке шығуды кейінге қалдыру құқығын беру мәселесі қаралып жатыр екен.
Ауқымды шараның бірі азамат зейнеткерлік жасқа толса да зейнетке шығуды кейінге қалдыру құқығы ұсынылған еді. Бұл құқық әсіресе еңбекке қабілетті, жұмыс істеймін деген зейнеткерлерді ынталандыру үшін жасалып отыр. Сондықтан осындай өзгерістер зейнетақы жүйесін одан ары жаңғыртып, зейнетақымен қамсыздандырудың деңгейін арттырады. Зейнетке бірден шықпай жұмыс істеген адамның зейнетақы мөлшері кейін жоғары болады,-дейді сарапшы.
Сонымен қатар ол алдағы уақытта жұмыс беруші жұмысшыға 5%-ы міндетті зейнетақы жарнасын төлейтінін және ол үшін жұмыс берушіген белгілі бір жеңілдіктер жасалатынын жеткізді.
Қазір жұмыс берушілердің 5%-ы міндетті зейнетақы жарналарын енгізу де зейнетақы жүйесіндегі ауқымды шаралардың бірі. Жұмыс беруші қазір қызметкердің табысынан 10 пайыздық міндетті жарна төлеп отырса, енді 2023 жылдан бастап жұмыс беруші өз қаражаты есебінен жұмыскердің пайдасына 5%-ы міндетті зейнетақы жарнасын төлейді. Есесіне Салық кодексіне енгізілген өзгеріске сәйкес жұмыс берушінің міндетті зейнетақы төлеу бөлігінде жеңілдік беріліп отыр. Сондықтан бұл жұмыс берушіге де, жұмысшыға да пайдалы, - дейді Айгүл Сакеева.