Зерттеу нәтижесі: Жастар жоғары білім алу үшін неге ірі қалаларды таңдап, туған өңіріне қайтқысы келмейді?

22 Қазан 2026, 16:24
АВТОР
 ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов 22 Қазан 2026, 16:24
22 Қазан 2026, 16:24
670
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Мектеп түлектері жоғары білім алуға көбіне Алматы мен Астананы таңдайды. Мұндай деректер JUZ40 EdTech компаниясының 2026 жылы жүргізген зерттеуінде жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Зерттеу қазақстандық оқушылардың болашақта қай жерде білім алып, жұмыс істегісі келетінін де қамтыған. Сауалнамаға еліміздің барлық өңірінен 13 246 оқушы қатысқан. Олардың 98,2%-ы – 11-сынып оқушылары.

Сауалнамаға қатысқандардың 82,1%-ы Алматы немесе Астана секілді ірі қалаларда білім алуды мансаптық өсу мүмкіндігімен байланыстырған. Олар оқу бітіргеннен кейін де сол қалаларда қалып, жұмыс істеуге ниетті екенін айтқан.

Ал 52,9%-ы ірі қалаларды білім сапасының жоғары болуына байланысты таңдаса, 44,2%-ы студенттік өмірді қызықты өткізуді маңызды санайды.

Сонымен қатар респонденттердің 57,4%-ы оқуын аяқтағаннан кейін туған өңіріне қайтуды жоспарламайтынын айтқан.

Бұл жастардың басым бөлігі болашақ мүмкіндіктерін ірі қалалармен байланыстыратынын көрсетеді.

Жастардың туған өңіріне оралуына не кедергі?

Сауалнамада оқушылардан туған өңіріне қайтуға не кедергі болатыны да сұралған. Бұл сұраққа бірнеше жауап таңдауға мүмкіндік берілген.

Нәтижесінде:

  • 51,3%-ы – мансаптық өсу мүмкіндіктерінің аздығын;
  • 46,1%-ы – жұмыс орындарының аздығын;
  • 38,6%-ы – үлкен қалаға үйреніп кетуді;
  • 29,5%-ы – жалақының төмендігін;
  • 20,4%-ы – инфрақұрылымның жеткіліксіздігін атаған.

Осылайша, жастардың туған өңіріне оралмауына тек жеке қалауы емес, жұмысқа орналасу және кәсіби даму мүмкіндіктері де әсер етуі мүмкін екені анықталған.

Зерттеу авторлары өңірлерде жаңа жұмыс орындарын ашу, жас мамандарға тұрғын үй мен әлеуметтік қолдау ұсыну және мансаптық өсу жолдарын қалыптастыру маңызды екенін атап өткен.

Оқи отырыңыз: 

Оқушылардың 72%-ы ҰБТ алдында стресс сезінеді: Зерттеуде тағы қандай дерек анықталды? 

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от BAQ.KZ ақпарат агенттігі (@baq.kaz)

Наверх