Зерттеу. Еліміздегі жастарды қылмысқа не итермелейді

30 Қараша 2023, 10:30
540
Бөлісу:
Зерттеу. Еліміздегі жастарды қылмысқа не итермелейді
Фото: Артём Чурсинов - архив

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы «Қазақстан жастары – 2023» ұлттық баяндамасының презентациясын өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Іс-шарада жастардың әл-ауқаты мен жағдайын анықтау бойынша жүргізілген зерттеулердің нәтижелері таныстырылды.

«Жастар» ҒЗО директоры Айсұлу Ерниязова Ұлттық баяндаманы дайындау бойынша жұмыстың негізгі қорытындыларын ұсынды және биыл алғаш рет жастар 35 жасқа дейінгі ұлғайтылған жас көрсеткішімен зерттелгенін атап өтті. 

Ол жастардың қазіргі жағдайын талдау аясында еліміздің барлық өңірінде 6000 респондентті қамтитын әлеуметтанулық зерттеулердің нәтижелері пайдаланылғанын атап өтті.

Экономика ғылымдарының докторы Айгүл Көшербаева «жастар шоқысы» деп аталатын мәселеге назар аударды.

Соңғы 13 жылдағы 16 жасқа дейінгі ел халқының құрылымын талдау әрбір келесі жастағы халықтың орташа өсу қарқыны 2-ден 4%-ға дейін екендігін көрсетеді. Сонымен қатар 2011 жылы туған ұрпақ жастар шоқысының қоздырғышы бола алады, яғни олар қазір 11-12 жастағы балалар, - деді ол.

Сондай-ақ PhD философия докторы, қауымдастырылған профессор Ербол Омаров жастар ортасындағы қауіпсіздік мәселелеріне қатысты былай деді: 

Қазақстанда жастар арасында қылмыстың пайда болуына әлеуметтік теңсіздік, білім алуға және жұмысқа орналасуға қолжетімділіктің болмауы, сондай-ақ құқық қорғау органдарына сенімсіздік сияқты бірқатар фактор ықпал етеді. Сонымен қатар ғаламтор мен әлеуметтік медианың әсері қылмыстық мінез-құлыққа әкелетін жағымсыз тенденцияларды күшейтуі мүмкін, - дейді профессор.

Өзгелердің жаңалығы