Бұл туралы Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Найля Мұхтарова айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оқи отырыңыз:
Бүгінгі таңда Қазақстанда туу көрсеткіші жоғары деңгейде. Жылына 450 мыңнан астам бала дүниеге келіп жатыр. Алайда, ғылыми демографиялық болжамдарға сәйкес 90-шы жылдары демографиялық шұңқыр кезінде дүниеге келген азаматтар бүгінгі күні продуктивті (нәресте әкеліп жатыр) кезеңде. Бірақ олар сан жағынан аз, – деді Найля Мұхтарова.
Оның айтуынша, бұл тек теориялық болжам емес, арнайы әдістеме арқылы жасалған.