Халықаралық ғалымдар тобы адам өмірінде организм бірден молекулалық өзгеріске ұшырайтын екі жас шегінің бар екендігін дәлелдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл кезеңдерде ақуыз, липидтер, РНҚ мен микробиома құрамында ауқымды өзгерістер болады.
Алғашқы кезең орта есеппен 44 жаста, ал екінші кезең – 60 жаста болатыны анықталды. Зерттеу 108 еріктінің қатысуымен жүргізілген талдау деректеріне негізделген. Зерттеуді ғалымдар бірнеше жыл бойы жүргізген.
44 жаста липидтер, кофеин мен алкоголь метаболизмінде айтарлықтай өзгерістер болады. Сондай-ақ жүрек-қантамыр аурулары мен тері және бұлшықет бұзылыстарының қаупі артады. Ал 60 жаста көмірсутек алмасу, иммундық жүйе, бүйрек өзгеріске ұшырап, жүрек патологиясының қаупін күшейтеді.