Ақмола облысынағы мектеп волонтерлік ұйымдардың көшбасшыларына арналған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Халықаралық волонтерлер форумы қарсаңында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ және «Birgemiz» республикалық волонтерлер фронт-офисі ұйымдастырған Ақмола облысының «Зерен» демалыс кешенінде, волонтерлер ұйымдарының көшбасшыларына арналған «Волонтерлердің жазғы мектебі - 2023» ашылды.
Жазғы мектепке 17 өңір және республикалық маңызы бар 3 қаладан волонтерлер, волонтерлік ұйымдардың басшылары және өңірлік фронт-офис мамандары қатысып жатыр.
Волонтерлерлік жазғы мектепте волонтерлік принциптері мен түрлері, жобаны жоспарлау, волонтерлік топтар құру, топтық жұмыс және көшбасшылық, жоба бюджетін анықтау және жобаны ақпараттық сүйемелдеу тақырыптары бойынша тренингтер өтеді.
Айта кетейік, елімізде белсенді волонтерлер қатары 4 есе көбейген.